Қали Аманбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қали Аманбаев (1924. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) - отандық тележурналистиканы зерттеуші, қоғамдық қайраткер.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Ленинград мұғалімдер институтының (1952), Абай атындағы Қазақ педогогикалық институтын бітірген (1956).

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Тарих ғылымының кандидаты (1970). Қарағанды теледидар студиясын ұйымдастырып, оның бірінші директоры болды (1958-62). Қарағанды облысы теледидар және радио хабарларын тарату комитетінің төрағасы (1962-75), Қарағанды облысы партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі (1975- 78), Қазақстан КП облыстық партия комитетінің хатшысы (1978-87) қызметтерін атқарды.

1970 жылы Қазақстанда телехабарлар таратудың қалыптасуы мен дамуы проблемаларына арналған тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. "Действенное средство идеологической работы" ("Идеологиялық жұмыстың пәрменді құралы") кітабының авторы (1981). Қазақ КСР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, "КСРО-ның Құрметті радисі" атағын иеленген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}