Қалжа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қалжа — жас босанған әйелге арнап пісірілетін тағам. Жаңа босанған әйелге ақсарбас қой сойып, ақтілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі аяғы ауыр кездегі тер шықпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдайды. Ертеден келе жатқан қазақ салты бойынша жас босанған әйелге қуат беріп, денсаулығын көтеру үшін арнайы қой сойып, жас сорпа ішкізеді. Ана мен баланың қуанышына көрші–қолаң, абысын– ажындарын қалжаға шақырады.<ref>Қайдар Әбдуали Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік) Адам.– Алматы: Дайк–Пресс, 2009.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub