Қалдыбек Сәбденов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбденов Қалдыбек (20.9. 1932 жылдары туған, Сарыағаш ауданы Жылға станциясы) – ғалым, ауылы шаруашылық ғылым докторы (1991), профессор (1989). Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықараралық Жоғары мектептер академиясының академигі. КСРО өнертапқышы. Алматы зоотехникалық -малдәрігерлік институтын бітірген (1957). 1957 – 59 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының бас малдәрігері. 1959 – 68 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауылы шаруашылық саласында басшы қызметте болды. 1968 – 73 жылдары Қазақ мал шаруашылық ғылым-зертеу институтында бөлім бастығы, директор. 1973 – 77 жылдары Алматы облысы ауылы шаруашылық басқарма бастығының бірінші орынбасары, басқарма бастығы. 1978 – 83 жылдары Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық комитетінің хатшысы. 1983 – 96 жылдары Алматы зоотехникалық -малдәрігерлік институтының ректоры. 1996 жылдан осы ун-тте профессор. Алматы облысы қоғамдық қорының директоры. 160 ғылым еңбектің, 5 монографияның, 6 оқулық пен оқу құралының авторы, 25 авторлық куәліктері мен патенттері бар, КСРО халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің 4 күміс, 3 қола медальдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Астана» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Алматы облысының, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының құрметті азаматы. Ол Қазақстан Республикасы ЖАҚ-ның сараптау кеңесінің, Қазақстан Республикасы Аграрлық ұлттық академиялық орталықтың ғылым кеңесінің, Алматы облысы әкімі жанындағы ақсақалдар алқасының, Диссертациялық кеңестің мүшесі.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалдыбек Сәбденов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}