Қалдыбай Махатайұлы Мадибраимов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қалдыбай Махатайұлы Мадибраимов (30.4.1958 жылы туған, Жамбыл ауданында Құмтиын аулында) – ғалым, медицина ғылым докторы (2001). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1982).
- 1982 – 87 жылы Жамбыл облысында балалар ауруханасының дәрігері,
- 1987 – 89 жылы Алматыдағы Республикалық урология институтында дәрігер, директордың орынбасары,
- 1989 – 92 жылы Мәскеу қаласында аспирантураны бітіріп, медицина ғылымдарының кандидаты атағын алды.
- 2001 жылы бүйрек ауруларын емдеудің жаңа тәсілдері бойынша докторлық диссертация қорғап, Мәскеу қаласында клиникалық орталықта қызметке қалдырылды.
100-ге жуық ғылыми мақалалары, 5 монографиясы жарық көрген. <ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>
сілтемер
<references />
Үлгі:Суретсіз мақала