Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев (29.6.1941 жылы туған) – химия ғылымының докторы (1991), профессор (1992), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994). КСРО өнертапқышы (1990).

  • 1965 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында инженер, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі.
  • 1994 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Химия ғылымдары институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Пірәлиев Қазақстанда алғаш рет депрессия ауруына қарсы қолданылатын синтетикалық зат – цефедрин' өндіруді және оны медицинада қолдануын іске асырған.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Ғылыми еңбектер

600-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. 119 КСРО авторлық куәлігі мен ҚР патентінің, 8 шет ел патенттерінің иегері.

Соңғы жылдары Америка азаматтық зерттеулер және даму қорының (CRDF) 3 гранты, АҚШ-тың Оклахома және Нью-Йорк университеті , ІNTAS гранты бойынша Бельгияның Гент университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Жаңа дәуірлік заттарды іздестіру және өндіріске енгізу жолындағы жетістіктері үшін Америка фармацевтика ғалымдарының Ассоциациясына мүшелікке қабылданған.<ref>Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы</ref>

Марапаттар

ҚР Мемлекеттік (2003), Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтардың (2000) лауреаты. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық грантының жеңімпазы.

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Уики