Қалдан Талқанбайұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қалдан Талқанбайұлы (1819, Жалағаш ауданы Көкшоқы мекені – 1912) – би. Кіші жүздің Шөмекей руынан шыққан. Ел арасындағы дауларға әділ шешімін айтып, тура жолдан таймаған қайсарлығы үшін ел арасында «Қалдан батыр» атанған. Халықтың сауатын ашуға көңіл бөліп, Қалжан ахун, Садық ахун сияқты дін өкілдеріне қамқорлық жасаған. 1897 жылы Қаракөл деген жерде (Аққыр ауылының маңы) мешіт салдырып, бала оқытқан. Т.Ізтілеуов, А.Тоқмағамбетов, т.б. ақын-жазушылар Қлданның қоғамдық қызметін өз шығармаларына арқау еткен. Үлгі:Суретсіз мақала
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы