Қала шыршайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қала гравилаты (Үлгі:Lang-la) - раушангүлділер тұқымдасы шыршай туысына жататын шөп тектес, көп жылдық өсімдік.

Сипаты

  • Сабағы тік өседі, биіктігі 30-60 см-ге дейін жетеді.
  • Бұтақтары аз, төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, қауырсын тәрізді болады. Ал жоғарғы жағындағы жапырақтарының сағақтары қысқа, 3--4 салалы немесе бүтін болып келеді.
  • Гүлдері ірі, сабағы ұзын, ашық сары түсті, гүл жапырақшалары бесеу.
  • Мамыр-тамыз айларында гүлдейді. Маусым-қыркүйек айларында жемісі піседі. Шалғынды жерлерде, ормандарда, бұталарадың арасында, өзендердің жағаларында, бақшаларда өседі.

Емдік қасиеті

Қала гравилатының құрамында илік заттар, эфир майлары, С дәрумені және ащы заттар бар. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзде, жер үстіндегі бөлігін көктемде гүлдеген кезінде жинап алады.

  • Халық медицинасында өсімдіктің сулы тұнбасымен асқазанның түрлі ауруларын емдейді.
  • Өсімдіктің қабынуға қарсы әсер ететін, микробтарды жоятын қасиеттері де бар.
  • Ол дизентерияға, асқазанның қабынуына қарсы қолданылады.
  • Іш желденгенде, ішек түйнеп ауырғанда және геморрой түйіндерінен қан кеткенде де осы өсімдікпен емдеуге болады.
  • Ол бауыр мен өт жолдарының ауруларына да шипа.
  • Кейде қала гравилатын қатты жөтелді басу үшін және тістің түбін босап, қанағанда, тамақ бездері қабынғанда қолданады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Өсімдіктің 1 ас қасық ұнтақталған тамырын немесе шөбін 1 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, стақанның төрттен біріндей мөлшерде күніне 3-4 рет ішеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз