Қалауов Тәңірберген Құдайбергенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалауов Тәңірберген Құдайбергенұлы (2.2.1936, Жаңақорған ауданы Талап ауылы – 17.3. 2004, Қызылорда қаласы) – сазгер. Қазақстан оқу ісінің үздігі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2000). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген (1957). 1957 – 58 жылдары Қызылорда облысы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі. 1958 – 64 жылдары Қызылорда педагогика институтында (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. Институт жанынан алғаш «Сыр гүлі» ән-би ансамблін ұйымдастырған. 1964 – 72, 1977 – 82 жылдары Қызылорда қаласындағы өнер мектебін басқарған. 1972 – 77 жылдары Қызылорда облысы филармониясының директоры болды. 1982 – 87 жылдары Қызылорда музыкалық училищесін басқарып, 1987 жылы өнер мектебінің басшылығына қайтып келді. Қалауов «Қызылорда вальсі», «Күлімдеші, гүлім сен», «Қалқажан», «Шалқиды ән», «Той жыры», «Биші қыз», т.б көптеген әндер шығарған. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалауов Тәңірберген Құдайбергенұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}