Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаламқас-Қаражамбас-Ақтау - Бозащы түбегінің мұнайын Ақтау қаласына қотаратын арналы мұнай құбыры. Осында айдалған мұнай бұдан әрі теңіз және темір жол көлігімен, сондай-ақ Өзен - Жетібай - Ақтау мұнай құбырымен тасымалданады. Ұзындығы 62 км, диаметрі 520 мм-лік Қаламқас - Қаражамбас бөлікшесі пайдалануға 1986 жылы берілді, ұзындығы 202,5 км, диаметрі 720 мм-лік Қаражамбас - Ақтау бөлікшесі 1979 жылдан пайдаланылуда. Өнімділігі жылына 8 млн. т. мұнай. Қаламқаста, Қаражанбаста, Таушықта, Ақтауда мұнай айдау станциялары бар.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}