Қаламқарова Люция Ысқаққызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаламқарова Люция Ысқаққызы<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref> - (21.5.1937, Қырғызстан, қазіргі Бішкек қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Мәскеудің Жалпы және коммуналдық гигиена ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1966) бітірген. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1966–74), 1974–2003 жылы Қазақ тағамтану академиясында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2003 жылдан БҰҰ жанындағы биология қауіпсіздік жөніндегі халықаралық бағдарлама бойынша сарапшы әрі лаборатория меңгерушісі. Люция Ысқаққызы Қазақстан Республикасындағы санитарлық микробиология мектебінің негізін салушылардың бірі. «Распространение, биологические свойства, этиологическая значимость условно-патогенных микроорганизмов возникновении пищевых токсикоинфекции и разработка мер профилактики» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 300-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002).


Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қаламқарова Люция Ысқаққызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}