Қалампыршөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қалампыршөп (Үлгі:Lang-la) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Өсетін жері мен таралуы

Қазақстанда тау беткейлері мен құрғақ далалық аймақтарда өсетін 2 түрі (шатырлы қалампыршөп және көпнекелі қалампыршөп) бар.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 5-20 см, сабақтары біреу немесе бірнешеу болады.
  • Тамыр түбінен шығатын жапырақтары эллипс немесе қандауыр тәрізді болып, сағағына қарай кішірейеді. Ал сабақ бойындағылары – қандауыр тәрізді (ұзындығы 1 – 2,5 см). Тостағанша және күлте жапырақшаларының саны бесеу.
  • Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті, олар қарапайым шатырша гүлшоғырына топталған.
  • Наурыз – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі – ұзынша келген қорапша.
  • Тұқымының пішіні бүйрек сияқты.

Емдік қасиеті

Өсімдіктің құрамында сапонин, флавоноид болады. Дәрілік өсімдік. Оның қайнатылған тұнбасын іш өткенде, энтероколитпен ауырғанда ішеді. Баспа, гингивит кезінде тамақты шайып, шиқан шыққанда, күйгенде, сызат түскенде жағады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер