Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаев (1.01.1938 жыл, Гурьев облысы) - дирижер. Қазақ.

Әкесі - Қожанбаев Үсенғали, ҰОС-да хабарсыз кеткен. Анасы - Қожанбаева Оңайтуған, марқұм, сатушы болып жұмыс істеген.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1964), оркөстрдің солисі, халық аспаптар оркестрінің дирижері. «Дүние» университетінің профессоры (1998). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры (2005). 70-тен астам әннің және домбыра мен халық аспаптар оркестріне арналған 10 күйдің авторы.

КОКП мүшесі (1972-1991).

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1969).
  • ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1988).
  • Үйленген. Жұбайы - Қожанбаева Галина Қуанышқызы, зейнеткер.
  • Қыздары - Қожанбаева Бибінұр Қайырғалиқызы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының педагогы және концертмейстері;
  • Дүйсіпова Бибігүл Қайырғалиқызы, жеке кәсіпкер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub