Қайыпназар Әйтпенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайыпназар Әйтпенов (1900, Шымкент облысы Шардара ауданы Шардара ауылы - 1977) - халық ақыны. Ауыл мектебінен оқып, сауатын ашады. Әйтпенов өленді жазып та, ауызша айтып та шығарған. 1964 ж. Шымкентте өткен өлкелік ақындар айтысына қатысқан. Ақын шығыс аңыздарының, қазақ ертегілерінің сюжетін дастан етіп жырлаумен катар Мырзашөл тыңын игерушілерге, мақташыларға, замандастарына арнап көптеген өлеңдер шығарды. Сықақ, мысқыл, мысал жан­ры ақын шығармашылығынан елеулі орын алады. Бірқатар өлеңдері "Шұғыла" (1977) жинағында жарияланды. Әйтпенов Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}