Қайындышоқ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ҚАЙЫҢДЫШОҚ– Бұқтырма бөгенінің батысындағы шоқ қайыңды қоныс. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында, Қайыңды (1598 м), Суықшоқы (Холодная Сопка, 1380 м), Кальчуга (1377 м) таулары аралығында жатыр. Аумағы 80 км²-ге жуық, ұзындығы 22 км, енді жері 2,2 км. Түгелімен дерлік қайыңдардан тұратын орман ішінде биіктігі 10 – 12 м болатын жартастар мен құздар кездеседі. Қайыңдышок арқылы Қайыңды өзені ағып өтеді. Мұнда Көкпекті ауданының «Қайыңды» орман шаруашылығы орналасқан. Үлгі:Суретсіз мақала
<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />