Қайсар Оспанұлы Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қайсар Оспанұлы Омаров.JPG
Қайсар Оспанұлы Омаров

Қайсар Оспанұлы Омаров

1946 жылы 3 желтоқсанда Ақмола қаласында туған. Қазақ.

Целиноград автокөлік жолдары техникумын (1966) техник-механик мамандығы бойынша; Целиноград инженелік-құрылыс институтын (1979) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан).

1966 жылдан - Целиноград облысы Вишневка кенті №166/5 ЕЦ мекемесінің механигі. 1966-1968 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1969 жылдан - «Қазақсельмаш» зауыты (Целиноград қаласы) күрделі құрылыс бөлімінің инженері, 1970 жылдан - салынып жатқан цехының бастығы, 1973 жылдан - бастығының орынбасары, бас инженері, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы. 1978 жылдан - Целиноград эрозияға қарсы техника бірлестігі күрделі құрылыс бөлімінің бастығы. 1980 жылдан - Целиноград қаласының КОКП Ленин қалалық аудандық комитеті өнеркәсіптік-көлік бөлімінің нұсқаушысы. 1981 жылдан - «Целиноградсельмаш» зауыты партия комитетінің хатшысы. 1983 жылдан - «Целиноградсельмаш» ӨБ бас директорының орынбасары. 1983 жылдан - Қазақстан Компартиясы Целиноград қалалық комитетінің екінші хатшысы. 1985 жылдан - Целиноград қалалық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1992 жылдан - Ақмола облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1995 жылдан - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары. 1998 жылдан -ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің ТМД елдерімен байланыс бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы. 1999 жылдан - ҚР Премьер-министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы. 2008 жылдың желтоқсан айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі.

Ленин ауданының, Целиноград қаласының, Ақмола облысының Халық депутаттары кеңестерінің, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚР халық депутаты болып сайланған (1980-1993).

«Құрмет белгісі» (1986), «Құрмет» (2003) ордендерімен; 6 медальмен, соның ішінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) марапатталған.

Әскери атағы - запастағы полковник.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық тұрғыдан дамыған, өркендеген мемлекет».

Хоббиі - аңшылық, балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - әлем классикасы.

Үйленген. Жұбайы - Омарова Людмила Прохоровна (1950 жылы туған), зейнеткер. Қызы - Садуақасова Мәдина Қайсарқызы (1975 жылы туған); ұлы - Омаров Рүстем Қайсарұлы (1977 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>