Қайрақты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайрақты – көне кен орны. Балқаш көлініңнің солтүстік жағындағы Тесіктас тауында орналасқан. Қайрақты осы өңірдегі ежелгі металлургия орталықтарының бірі болған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Мұнда ұңғып алу, қайталама қазу, отпен уату, т.б. әдістер арқылы қола дәуірінде кен өндірілген. Оны осы арадан табылған диаметрі 0,2 мм мыс түйіршіктері және тас қайрақ, қайла, балға, т.б. қазба жұмыстары мен кен өндіру ісіне қажетті бұйымдар дәлелдейді. Тесіктас тауында Қайрақты сияқты 21 кен орны анықталған. Бұл өңірді қола дәуірінде мекендеген тайпалардың еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда жоғары шеберлікке жеткендігін археологиялық материалдар да растайды.<ref name=source1>Ж. Құрманқұлов мақаласы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}