Қайрат Әбіханұлы Әшірбеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Футболшы Қайрат Әшірбеков (21 қазан 1982 жыл, Шымкент, Қазақ КСР) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы.
Карьерасы
Шымкент футболының түлегі. Карьерасының біраз бөлігін "Ақтөбе" клубында өткізіп, Қазақстанға танылды. "Ақтөбе" сапында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды.
Одан бөлек "Ордабасы", "Тараз", "Шахтер," Локомотив" клубтарында ойнады.
Ұлттық құрама
2006-08 жылдары Қазақстан құрамасы сапында ойнады. 2008 жылы Арно Пайперс ұлттық құрамадағы бапкерліктен кеткен соң Қайрат қайта құрамаға шақырылған жоқ.
Құрама сапында екі гол соқты. Соның бірін 2007 жылы 24 наурызда Сербия құрамасының қақпасына енгізді. Бұл ойында Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті.Үлгі:Толық мақала
Жетістіктері
- «Ақтөбе»
- Қазақстан чемпионы (2): 2005, 2007
- «Ордабасы»
- Қазақстан кубогы: 2011
- Қазақстан суперкубогы: 2012
Жеке
- Қазақстан чемпионатындағы үздік 22 футболшының тізіміне енді: 2002, 2005