Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев
Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев (1963 жылы 16 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында туған) - қазақстандық экономикалық қайраткер. 2020—2022 жылдары «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Өмірбаяны
1985 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін экономист-маркетолог мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты (2002).<ref name=para>Үлгі:Cite web</ref>
Еңбек жолын 1985 жылы Алматы облысы Іле ауданы «Рассвет» кеңшарында агроном болып бастаған. Облыстық өсімдіктерді қорғау станциясында агроном, көкөніс қоймасының қоймашысы, Фрунзе көтерме-бөлшек жеміс-көкөніс бірлестігінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993—1999 жылдары «Көктем» ЖШС, «Шын-Асыл» АҚ, «Жетісу» ЖШС президенті болған.<ref name=para/>
1999—2000 жылдары — Тараз қаласы әкімінің орынбасары.<ref name=para/>
2001—2002 жылдары — «Дәуір» ЖАҚ бірінші вице-президенті, «Кітап» баспа үйінің президенті.<ref name=para/>
2002—2003 жылдары — «Intergas Central Asia» ЖАҚ газ тасымалдау және маркетинг департаментінің директоры, маркетинг және коммерция жөніндегі бас директордың орынбасары.<ref name=para/>
2005—2006 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президентінің кеңесшісі, коммерция жөніндегі басқарушы директоры.<ref name=para/>
2006—2009 жылдары — «Данко» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.<ref name=para/>
2009—2014 жылдары — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры.<ref name=para/>
2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін — «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры. Оның басшылығы кезеңінде «ҚазТрансГаз» АҚ мен британдық Independent Power Corporation PLC компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстан астанасы Астана қаласын, сондай-ақ елдің солтүстік және орталық өңірлерін газдандыруға арналған жоспарланған «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры бойында 4 газтурбиналық электр станциясын салуды көздеді. Осы келісім аясында тартылған инвестициялар есебінен кейіннен «Сарыарқа» газ құбыры салынды және Астана қаласы газдандырылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2016 жылғы тамыздан 2020 жылғы қарашаға дейін — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президенті, кейін осы бағыт бойынша басқарма төрағасының орынбасары. Бұл кезеңде 2017 жылы «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбыры іске қосылып, 2020 жылы толық қуатына шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2020 жылғы 4 қарашадан 2022 жылғы 14 қаңтарға дейін — «ҚазТрансГаз» АҚ, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде айтылған деректерге сәйкес, 2021 жылдың алғашқы 3 тоқсанында магистральдық газ тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 14 %-ға өсіп, 65,4 млрд м³ құрады; ұлттық оператордың кірісі 6 %-ға артып, 1,342 трлн теңгеге жетті; таза пайда 55 %-ға өсіп, 304 млрд теңгені құрады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Осы кезеңде газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жобалары жүзеге асырылды, атап айтқанда Маңғыстау облысының газ тасымалдау инфрақұрылымын реконструкциялау, «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу, Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын тұрғызу.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
- «Құрмет» ордені (2010)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2016)
- «Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық «КazЕnergу» кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ медалі (2010)
- Қазақстан Республикаса Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Амангелді газ кен орынын игергені үшін» құрмет грамотасы (2003)<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<References/>