Қайрат Ғабиденұлы Мұстафин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайрат Ғабиденұлы Мұстафин (1932-2005) - ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қарағанды қаласында қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұстафиннің отбасында дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін Украинадағы Олевск ұшқыштар училищесіне қабылданып, борт-радист мамандығын меңгерді. Бірақ бұдан кейінгі өмір жолы басқа бағытта өрбіді, ол фототілші қызметін қалап, бар өмірін журналистиканың осы саласына арнады.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Оның түсірген алғашқы фотосуреттері 50 жылдарда "Қазақ әдебиеті" газетінде жарияланды. Содан бастап ол республикалық газет-журналдардың тапсырмасымен Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, ел мен жерді суретке түсірді. Байлығын, сұлулығын, еңбек ерлерін бейнеледі. Фотошежіресін жасады.

Қазақ әдебиетінің, өнерінің көрнекті қайраткерлерін, мәдени өміріміздің елеулі оқиғаларын суретке түсіріп, тарихта қалдырды. Қ.Мұстафиннің фотомұрағаты сирек суреттерге өте бай. Ол, бір жағынан, республиканың ресми тұлғаларымен бірге жүріп, оларды суретке тартуға рұқсат алған сол кездегі бірден-бір беделді фотосуретші болды. Екінші жағынан, ұзақ жыл бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек еткендіктен де, елдің бүкіл өмірін қамтуға мүмкіндік алды.

Ол ұзақ жылдар бойына Қазақ телеграф агенттігінде тынымсыз еңбек етті. Оның тартымды да мазмұнды фотосуреттері республика баспасөзі бетінде үнемі жарияланып тұрды. Түсірген суреттері сол кездегі бүкілодактық, халыкаралық фотокөрмелерге қойылып, жоғары бағаланып, лайықты марапатталды. Қайрат Ғабиденұлы баспа, кітап көркемдеу ісіне де үлес қосты. Зейнетке шыққанға дейін "өнер" баспасында қызмет атқарды. Қазақстан туралы түрлі-түсті фотоальбомдар, кітаптар шығаруға белсене қатысты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}