Қайрат Алтайханұлы Әубәкіров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Қайрат Алтайханұлы Әубәкіров — (1971 жылы 8 наурызда дүниеге келген) қазақстандық футболшы. "Шахтер", "Қайрат", Спартак" (Семей) клубтарында өнер көрсеткен. Қазақстан чемпионатында 300-ден аса матч өткізіп, 100-ден аса доп соққан шабуылшы.

Өмірбаяны

1989-91 жылдары Семейдің "Спартагында" ойнады. Ол кезде "Спартак" КСРО чемпионатының екінші лигасының сегізінші аймағында ойнайтын. "Спартак" сапында үш маусым ойнап, 50 матчта 9 гол соқты. Одақ тараған соң, 1992 жылы "Шахтерда" ойнады. Келесі маусымда Алматының "Қайратына" ауысып, 1994 жылы семейлік клубқа қайта оралды. Семейлік клуб бұл кезде "Елім-ай" деп аталатын. 1999 жылға дейін "Елім-ай" намысын қорғап, Қарағандыға келді. Қарағандыда көп ойнамады, сол жылы-ақ "Қайратқа" ауысты.

2000-01 жылдары "Елім-ай", 2002 жылы "Восток", 2003 жылы "Тараз" клубтарында доп тепті.

Ұлттық құрама сапында 1992-96 жылдары 9 ойынға қатысып, 1 гол соқты.

Сілтемелер