Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов (21 қыркүйек 1957 жыл, Галкино, Шарбақты ауданы, Павлодар облысы) — қазақстандық саясаткер, математик, экономист. Павлодар облысының бұрынғы әкімі (2003–2006).

Қысқаша өмірбаяны

1957 ж. Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында туған. Уақ тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Павлодар педагогикалық институты мен Алматы халық шаруашылығы институтын математик және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар стансасының локомотив депосында слесарь болудан бастаған.

1982-1988 жылдары Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді.

1998-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды. 2003 жылғы наурыздан бастап Павлодар қаласының әкімі, маусымнан бастап Павлодар облысының әкімі болды. 2008 жылдың қазанынан ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2008 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Қаржы вице-министрі.<ref>[https://nomad.su/?a=19-200810010431 Кадровые перестановки. Назначены новые аким Павлодарской области и председатель правления АО "Алматы Пауэр Консолидэйтед"]</ref>

2009 жылдың тамызынан 2011 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2012-2013 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы. 2013 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті өкілдігінің басшысы болды.

2019 жылы 26 тамызда Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі болып тағайындалған еді.<ref>[1]</ref> 2021 жылы 19 сәуірде лауазымынан босатылды.<ref>Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі тағайындалды</ref>

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені (2005);
  • "Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл" мерекелік медалі;
  • "Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалі;
  • "Астанаға 10 жыл" медалі (2008).

Хоббиі

Үй жағдайы

  • Үйленген. Жұбайы - Нұрпейісова Любовь Ивановна (1960 жылы туған). Қыздары - Нұрпейісова Айгүл Қайратқызы (1987 жылы туған), Нұрпейісова Әсем Қайратқызы (1990 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>