Қайрамбекова Қатира Бөленқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайрамбекова Қатира Бөленқызы1953 жылы 7 ақпанда Шымкент облысы, Қайнарбұлақ ауылында туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1970 жылы Темірлан ауылындағы Аманкелді Иманов атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Мәскеу полиграфия институтының полиграфиялық өндіріс технологиясы факультетіне түсті. Институт бітіргеннен кейін 1975 жылы «Кітап» фабрикасының «Кітап» өндірістігінде басу цехында шеберден бастап сол цехтың бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті, техникалық бақылау бөлімінің I категориялы технологы, «Кітап» өндірістік бірлестігінің бас технологының орынбасары болды.

1992 жылы «Ана тілі» баспасының өндірістік бөліміне бас маман болып орналасып, осында 1993 жылдың наурызына дейін қызмет етті. 1993 жылдан ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті баспа қызметі басқармасының мониторинг және кітап өнімдерінің сапасын бақылау бөлімінің бастығы болып еңбек етіп келеді.

Қайрамбекова Қатира Бөленқызы республикадағы полиграфия өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосты. Мектеп оқушыларының оқулықтарын, әлеуметтік маңызды әдебиеттерді шығару қызметін үйлестірді. Астананы Ақмолаға ауыстыру кезеңінде жаңа астанадағы кітап, газет өндірісін кеңейтуге белсене араласты, олардың сапасының артуына барынша ықпал етті.

Еңбектегі өндірістік табыстары мен жемісті еңбегі үшін бірнеше мәрте бағалы сыйлықтармен, Министрліктің құрмет грамоталарымен және «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды. Еліміздің мәдени-экономикалық дамуына қосқан үлкен үлесі үшін 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.

1995 жылы ҚР Экономика министрлігі мен Австралия Халықаралық бизнес-мектебі ұйымдастырған семинар курсын «Мемлекеттік қызметтің нарықтық экономикадағы ролі» және «Нарықтық экономикаға көшу» тақырыптары бойынша өтіп, сертификат алып шықты. 2005 жылы Мемлекеттік қызмет академиясында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын «Қазақстанда саяси жүйені демократияландыру модернизациялау факторы ретінде» деген тақырыпта табысты аяқтап шықты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}