Қайнар Қалиақпарұлы Олжай
Қайнар Қалиақпарұлы Олжай (29 маусым 1958,Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — белгілі журналист, қаламгер, публицист. "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Өмірбаяны
Қайнар Олжай 1958 жылғы 29 маусым күні Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде оқыған. Үш ұлы, екі қызы бар. Екінші ұлы Айбар Олжаев – белгілі пиар маманы, публицист, журналист.
Еңбектері
«Мың бір мақал», «Деген екен», «Солай болған», «Тіл», «Сөзмерген», «Ілік септігі», «Келбет» т.б бағдарламалардың, 15 сериялы тарихи-деректі «Бірінші» телефильмінің авторы.
1994 жылы «Президент пырағы», 2007 жылы «Қара нары қазақтың», 2008 жылы «Атамыз – Аласанбай», 2010 жылы «Қанат байлаған қазақ» кітаптары жарыққа шықты.<ref>http://kaztrk.kz/#comand Үлгі:Webarchive</ref>
Сонымен қатар, "Жер мен аспан арасындағы дастан", "Қой баққан қиын" кітаптарының авторы.
Қызметтік өтілі
2006 жылдан «Қазақстан» РТРК» АҚ Бас продюсері, Басқарма Төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары, «Қазақстан» Ұлттық арнасының бас директоры болған. 2013 жылдың 29 мамырынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.<ref>http://kaztrk.kz/ Үлгі:Webarchive</ref>
Сыртқы сілтемелер
- «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми веб-порталы Үлгі:Webarchive
- «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми веб-сайты Үлгі:Webarchive
Үлгі:Қазақстан телерадиокорпорациясы <references />