Қаймолдинова Мәрия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаймолдинова Мәрия - 1946 жылдың 5 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр селосында туған. 1965 жылы орта мектептен соң қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1970 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын 1972 жылы "Мектеп" баспасынан бастап, 2001 жылға дейін осы баспада корректор, редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарды <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

2001 жылдан заң әдебиеттерін шығаратын "Жеті жарғы" баспасында жетекші редактор болып қызмет істейді.

Баспа саласында оқулық, оқу-әдістемелік, балалар әдебиетін шығарудағы кіршіксіз еңбектері бағаланып Білім министрлігінің (1997,1998), Ақпарат министрлігінің (1996) құрмет грамоталарымен, сондай-ақ 2003 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мақтау грамотасымен марапатталды.

1998, 2003 жылдары жыл қорытындысы бойынша баспа саласының үздік редакторы атанды. Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}