Қаймана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаймана. Бұл сөздің мағынасын түсіндірме сөздікте — еш қатысы жоқ, көлденең, бөгде қалпында ұғындырады. «...өзге қаймана қазақтың бұнымен ісі жоқ» (Б. Аманшин, Көкжар). Сөз төркіні — араб тілі. Онда бұл тұлғалас сөздің мағынасы — құпия, жасырын. Біздің тілімізде, көп жағдайда, «қазақ» сөзімен тіркесіп келсе, қырғыз тілінде басқа да сөздермен қосарланып айтыла береді (қаймана сөз, қаймана болу сияқты). Қазақ тіліне енген арабтардың бұл сөзінде мағына өзгерісі болғандығы жоғарыда көрсетілген түсініктен көрініп тұр. Шынында да, сырын білмейтін көлденең адамның құпия көрінетіні де белгілі.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}