Қаз-қатар (би)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қаз-қатар

Еңбектері

Қаз-қатар - қазақтың халық биі. Халық күйі «Аққудың» (музыкасын биге бейімдеп өңдеген Ж. Қаламбаев) сүйемелімен қыздар тобы орындайды. Би қаздардың тізіліп көлге қонуын, шомылуын, қайырылып қайта қайтуын бейнелейді. Музыка өлшемі 2/4. Алғаш 1936 жылы Алматыда өткен ауыл шаруашылығы слетінде (гурьевтік Ж. Оразғалиевтің билеуінде) көрсетілді. «Қаз-қатар» биі балетмейстер Д. Әбіровтің өңдеуімен 1956 жылы Қазақтың опера және балет театрында орындалды. «Біздің сүйікті дәрігер» кинофильміне түсірілген.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 4-том </ref>

Дереккөздер

<references/>