Қаз-Қатар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

“ҚАЗ-ҚАТАР” – қазақтың халық биі. Халық күйі “Аққудың” (музыкасын биге бейімдеп өңдеген Н.Тілендиев) сүйемелімен қыздар тобы орындайды. Музыкалық өлшемі 2/4. Би қаздардың тізіліп көлге қонуын, шомылуын, қайырылып қайта қайтуын бейнелейді. Алғаш 1934 жылы Алматы қаласында өткен ауыл шаруашылық слетінде халық бишісі Ж.Оразалиев биледі. “Қаз-қатар” биі балетмейстер Д.Т. Әбіровтің өңдеуімен 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік академиясы опера және балет театрында және “Біздің сүйікті дәрігер” фильмінде орындалды. Қазір “Аққу” деген атпен жиі орындалып жүр.

<ref name=source1>Д. Әбіров, Т. Ізім мақаласы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub