Қазмұнайгаз-Тельф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазмұнайгаз-Тельф - Атырау облысының Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 180 км қашықтықта орналасқан Қараарна және Шығыс Көкарна кен орындарын барлаумен және олардан мұнай мен газ өндірумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Құрылтайшылары - "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай компаниясы ашық акционерлік қоғамы (Қазақстан) және "Тельф-АГ" фирмасы (Швейцария). "Қазмұнайгаз-Тельф" серіктестігі, бұрынғы "Казпромставба" бірлескен кәсіпорны, 1991 жылы құрылды. Жылой ауданында орналасқан Қараарна және Шығыс Көкарна кен орындарынан мұнай мен газ өндіруге лицензиясы бар. Қазір кәсіпорын аталған кен орындарды игеріп, өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі рынокқа шығаруда. Кәсіпорын қажетті өнеркәсіптік инфрақурылыммен (арнаулы техникамен, көлікпен, базамен т.с.с.) жабдықталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}