Қазконтент

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания

«Қазконтент» акционерлік қоғамы - интернет кеңістікте қазақстандық мазмұнды дамыту мақсатында қызмет ететін ұйым.<ref> Компанияның ресми сайты </ref> Негізгі қызметі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру. Қазіргі таңда медиа және интернет жобаларды іске асыруда. Компания ресурстары 4 тілде қолжетімді.

Тарихы

«Қазконтент» АҚ 2009 жылдың 21 қаңтарында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің еншілес кәсіпорны болып құрылды.<ref>http://www.afn.kz/attachments/emi/stocks/A5737/stocksA5737$-$3451$-$..pdf</ref> Аталмыш қоғамның құрылуы мемлекеттің Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті қалыптастыру мен дамыту бойынша стратегиялық міндетін жүзеге асырумен байланысты. Жаңа технологиялар мен инновациялардың көмегімен қолданушыларға сапалы контент ұсынып, қазнеттің дамуына мүмкіндіктер туғызу.<ref>http://www.resurs.kz/catalog/kzcontent</ref> 2009 жылдың ақпан айында алғашқы жоба - kaztube.kz іске қосылды. Ал наурыз айында bnews.kz ақпараттық агенттігі құрылды.<ref>http://kzcontent.kz/index.php/kompaniya-turaly.html</ref> 2010 жыл қараша айында baq.kz ақпараттық агенттігі жұмысын бастады. 2011 наурыз айында Қазконтент негізінде ҚР Премьер-министрінің ресми сайты ашылды. Сондай-ақ ilike.kz әлеуметтік желісі пайдалануға берілді. Компания Қазақша Уикипедия дамуына үлес қосып келеді. 2011 жылы Уикимедия қоры кеңесінің төрағасы Тинг Чен мырза «Қазконтент» АҚ компаниясына Уикипедия контентінің қазақ бөлімін толықтыруда көмек қолын созғаны үшін ресми түрде алғысын білдірді.<ref name="Қазақша Уикипедиясының дамуы>http://bnews.kz/kk/news/post/52820/</ref> Осы жылы Қазнеттің эмблемасын әзірлеуге байқау жариялады.<ref>http://bnews.kz/kk/news/post/52052/</ref> 2012 жылы қараша айында компания акцияларын иемдену және пайдалану құқығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді. 2013 жылдың қаңтар айында strategy2050.kz арнайы веб-порталы іске қосылды. Сол жылы Қазконтент америкалық McAfee компаниясымен меморандумға қол қойды.<ref name=McAfee компаниясымен әріптестік>http://bnews.kz/kk/photonews/post/144270/</ref> Желтоқсан айында әдеби шығармаларды қолданушыларға ұсынатын adebiportal.kz сайты құрылды.<ref>http://bnews.kz/kk/news/post/159844/</ref> «Казконтент» АҚ «Қаламгер Азамат» жас журналистердің V республикалық форумын өткізді.<ref>http://bnews.kz/kk/photonews/post/160947/</ref> 2014 жылдың сәуір айында Қазконтент акцияларын басқару ҚР Байланыс және ақпарат жөніндегі агенттігіне өтті. Акционерлік қоғамның 100 пайызы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігіне тиесілі.

Құрылымы

«Қазконтент» АҚ басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Атқарушы орган – басқарма. Ағымдағы қызметке басшылықты «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы жүргізеді.<ref> Директорлар кеңесі </ref>

Директорлар кеңесінің құрамы

  • Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров - Төраға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
  • Ибраимов Калымжан Уалханұлы - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің төрағасының орынбасары
  • Қыдырма Айдос Арғынбайұлы - «Қазконтент» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
  • Дорофеев Михаил Викторович (тәуелсіз директоры) - "Верный Капитал" компаниясы тобының баспасөз хатшысы
  • Сабыров Шавқат Омарұлы (тәуелсіз директоры) - «Kazinter Systems Solutions» ЖШС Бас директоры

Басқарма мүшелері

  • Қыдырма Айдос Арғынбайұлы - «Қазконтент» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
  • Әшім Нартай Қасымжанұлы - «Қазконтент» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының интернет-жобалар бойынша орынбасары
  • Бахтиева Зарина Нұрланқызы - «Қазконтент» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының медиа-жобалар бойынша орынбасары


Компания жобалары

Bnews.kz

Kaztube.kz

  • kaztube.kz видео-порталы 2009 жылдың ақпан айында іске қосылды.

Baq.kz

  • baq.kz ақпараттық агенттігі 2010 жылдың қараша айында іске қосылды. Интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту, оқырманды дер кезінде соңғы жаңалықтардан ақпараттандыру, интернет желісінде қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.

Жобаның міндеттері:

  • Аймақтағы басылымдарға тегін интернет-парақша ашу;
  • Аймақтардағы БАҚ өкілдеріне семинар-тренингтер өткізу;
  • Әлемнің өзге елдерін мекендейтін қазақ диаспораларының өмірі жайында ақпараттық және сараптама мақалалар жариялау;
  • Қазақ тарихының тың деректері мен сол тарихты жасаған тұлғалар жайында деректер.

El.kz

Primeminister.kz

  • primeminister.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайты 2012 жылы іске қосылды.

Adebiportal.kz

Strategy2050

  • strategy2050.kz интернет-ресурсы 2013 жылы іске қосылды

E-history.kz

  • e-history.kz білім беру порталы 2014 жылдың наурыз айында «Қазконтент» АҚ-ға контенттік сүйемелдеу және дамыту үшін берілді.

Sanamaq.kz

  • sanamaq.kz балаларға арналған танымдық сайт. Жақында ашылады.

Academia.kz

  • academia.kz студенттік-портал. Жақында ашылады.




Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>