Қаздар қонысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қаздар қонысы<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref> – республикалық маңызы бар палеонтология табиғат ескерткіші. Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала тұсындағы жағалаудағы биіктігі 15 – 20 метр жырадан (ұзындығы 200 метрге жуық) ертеде тіршілік еткен жануарлардың сүйектері табылған. Бұлар негізінен б.з. 4 – 5 миллион жыл бұрын тіршілік еткен гиппарион фаунасына кіретін жануарлар: хилотерий (жылқы тұқымдасының арғы тектерінің бірі), синотерий (мүйізтұмсықтылар), махайрод (қылыш тісті жолбарыстар), лагомерикс (бұғытәрізділер), самотерий (керіктәрізділер), кемірушілердің көптеген түрлері, т.б. «Қаздар қонысы» – гиппарион фаунасының жануарлары табылған ең бай орындарының бірі. Алғашқы қазба жұмыстары 1930 жылы жүргізілген. Бұл орын 1971 жылдан мемлекет қорғауындағы табиғат ескерткіші болып табылады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify