Қазба өсімдіктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАЗБА ӨСІМДІКТЕР – таңбалары біздің заманымызға дейін жер қойнауында сақталған ежелгі заман өсімдіктерінің қалдықтары. Олардың ішінде осы күні кездесетін және жойылып кеткен түрлері де бар. Қазба өсімдіктердің діңдері минерал тұздарды сіңіру арқылы тасқа айналған, жапырақ ізі, дән, жеміс, бүр қалпында, кейде сүрек күйінде кездеседі. Тек бактериялар мен балдырлар ғана бөлшектенбей бүтін күйінде сақталған. Ертедегі Қазба өсімдіктер – балдырлар кембрийге дейінгі дәуірлерден қалған, силур кезеңін алғашқы жоғары сатылы өсімдіктер – риниофиттер пайда болған. Девон кезеңінен бастап буынтық бұтақтылар, плаундар, қырыққұлақтар пайда болған. Палеозой дәуірінде (эрасында) балдырлардың жасыл, қызыл, бурыл түрлері, ал мезозой мен кайнозойда диатомды және пирофитті түрлері басым болған. Негізінен девон кезеңіндегі плаундар, қырыққұлақтар сияқты өсімдіктердің тасқа айналған жуан діңдері жақсы сақталған, тас көмір кезеңіндегі тропиктік орман ағаштарының батпақ, су астында шіруінен тас көмірге айналған (кезеңнің карбон не тас көмір деп аталуы осыдан). Тас көмір қабаттары (мысалы, Қарағанды көмір алабы) қалыптасқан. Олардың орнында алғашқы қылқан жапырақтылар – кордоиттар пайда болған. Бұлардың жапырақтары Қазақстанда пермь шөгінділерінен табылған. Бор кезеңінде, әсіресе, жабық тұқымдылар қаулап өскен. Пальма, талшын, емен, лаврэоцен дәуіріне тән, бұл кезде субтропиктер қазіргі Павлодар қаласы тұсындағы ендікке жететін. Батпақ кипарисі, магнолия, талшын, емен қазіргі Зайсан ойпатынан табылған. Қатты жапырақты емен сияқты көне Жерорта теңізінің флорасы неоген кезеңіне тән (қ. Күшік флорасы). Тораңғы, терек, түрлі бұршақ тұқымдастары, т.б. кайнозойдың палеоген, неоген кезеңдерінде пайда болған. Қазба өсімдіктер – көне геология заманда болған климат пен ландшафт өзгерістерінің куәсі, жер бетіндегі өсімдіктер эволюциясының айқын сипаты. Олар жер қойнауында қашан, қандай шөгінділер пайда болғанын, олардың қандай жағдайда қалыптасқанын білуге мүмкіндік береді.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазба өсімдіктер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}