Қазба көмірлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазба көмірлер — жанғыш қатты шөгінді тау жынысы, өсімдіктен жаралған, құрамында әрдайым белгілі бір мөлшерде минералдық (шартты түрде алғанда 50%-дан аспайды) қоспалар болады, басқа шөгінді тау жынысытар арасында қабат тәрізді жатындар түрінде орналасады. Күлділігі жоғары жаралымдарды көмірлі тау жынысытар деп атайды. Қазба көмірлер арасында 3 генетикалық тип бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер және сапрогумолиттер. Топтар кластарға және типтерге (көмір микроқұрамбөліктері бойынша), олар класшалар мен түрөзгешеліктерге бөлінеді. Қазба көмірлер бірегей көмірлену қатарын құрайтын қоңыр және тас көмірге жіктеледі. Тас көмірлер технологиялық ерекшеліктері бойынша маркаларға (ұзын жалынды — Ү, газды — Г, қонды — Қо, кокстік — К, бірікпейтін — Б, жұтаң — Ж және т.б.) ажыратылады.

Қазба көмірлердің тығыздығы — 0,92—1,7 г/см3, қаттылығы Моос шкаласы бойынша — 1— 3. Элементтік құрамы: көміртек (65—98%), оттек (1—30%) және сутек (1-6%). Қазба көмірлер энергетикада, металлургияда, химияда және басқа салаларда пайдаланылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub