Қазбаның аэродинамикалық кедергі коэффициенті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазбаның аэродинамикалық кедергі коэффициенті — қазба қабырғалары бетінің кедір-бұдырлығына және оның дәрежесіне қатысты шама. Бұл шама қазбадағы конвейер қондырғысының санына, бекітпелерге, олардың сипаттамасына, қазбалардың түрлеріне қатысты есептеулер арқылы және анықтама кестесі бойынша табылады. Оның есептеу формуласы қазбалар үшін тәжірибелік зерттеу негізінде бекітпелердің түрін, қазбалардың көлденең қимасының ауданын, ал шахты оқпаны үшін оның жабдықтау түрлерін ескереді.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>