Қазақ әдебиеті мен өнері халық университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ әдебиеті мен өнері халық университеті, Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университеті, ғылыми-көпшілік білім тарату оқу орны.


1963 ж. «Мұхтар Әуезов үйі» мәдени-ғылыми орталығында (бұрынғы М. Әуезов мүражай-үйі) ашылған. Халық университетінің жұмысын ұйымдастыруға Л. Әуезова, Б. Сахариев, Т. Әкімов, М. Мырзахметов, Д. Қамзабеков т. б. ат салысты. 34 жыл ішінде қазақ халқының соңғы 2 мың жыл ішіндегі көрнекті мәдени, әдеби, фольклор, тарихи ескерткіштері, аса ірі қайраткерлері туралы 500-ден артық сабақ-дәріс өткізілді. Университетте жыл сайын Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты дәріс оқылып тұрады, олар кейде жазушы қалам тартқан жанрлар мен жекелеген шығармалар тарихына арналса, енді бірде естелік айту түрінде жүреді. Мұндай сабақтар мүхтартанудың кемелденіп, әдістемелік принциптерінің екшелуі мен айқындала түсуіне себін тигізеді. Соңғы жылдарға дейін жазушының жастық шағы, студенттік кезі, отбасының өмірі т. б. жөнінде кепшілік біле бермейтін «ақтандақтар» аз емес еді. Ә. Марғұлан, Ш. Шөкин, А. Нүсіпбеков сынды ғалымдар айтқан естеліктер, әңгімелер осы олқылықтың орнын толтырғандай болды. Әуезов шығармаларының қазақ, шығыс, батыс, орыс әдеби дәстүрлерімен байланысы жекежеке дәрістерде талданды. Оның суреткерлік шеберлігі, драма, аударма, публицистика, әдебиет сыны саласындағы еңбектері, қоғам қайраткерлігі туралы әңгімелер тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды. Әуезовтің мәдени-ғылыми орталығы білімге құштар қауымның әр жума сайын жиналып, пікір, әңгіме-сұхбат тыңдайтын орнына айналды. Әрбір сабақ-дәрістің сонынан енерпаздардың орындауында концерттер беріліп отырады. Бүл жұртшылыққа белгісіз ән-күйлердің, терме-жырлардың орындалуы, үнтаспаға жазылуы халық университетінің кештерін аса тартымды еткізуге мүмкіндік береді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ әдебиеті мен өнері халық университеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}