Қазақ құс шаруашылығы зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ құс шаруашылығы зерттеу институты – құсты жемдеу, өсіру және күтіп-бағудың технологиялық жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин-нің қарамағында. Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-ты мен Солт. мал ш. ғыл.-зерт. ин-тының құс ш. бөлімдері, сондай-ақ Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының “Қаскелең” тәжірибе ш-на қарасты құс фермасы негізінде 1966 ж. құрылған. Алматы облысының Қарасай ауданындағы “ҚазКСР-інің 50 жылдығы” кентінде орналасқан. 1992 – 2002 ж. қазіргі атымен аталды, ал 2002 жылдан “Мал шаруашылығы және ветеринария” ғыл.-өндірістік орталығының құс ш. мәселелері бойынша бөлімшесі. Құрамында: жемдеу және оның технологиясы, селекция және генетика секторлары, жемшөп сараптау өндірістік лаб. бар. Негізгі ғыл. бағыттары: а. ш. құстарының қолда бар линияларын жетілдіру және жаңа кросс шығару; республиканың көп салалы экон. жағдайында құс өнімдерін өндірудің энергияны үнемдейтін технологиясын әзірлеу; құс рационының жемшөп құрамына енгізілетін заттардың ғыл. негізделген нормаларын жасау және оның биол. тиімділігін зерттеу; құс ш. үшін селекциялық-технол. бағдарлама даярлау. Ин-тта құс жемдеу, оның тұқымдарын жақсарту және өсіру технологиясын жасау жөнінде ұсыныстар енгізіліп, құсқа берілетін құрама жем, витаминді-минералдық қоспалар рецептурасының экон. тиімділігі және жемдеу мөлшерін даярлау жұмыстары жүргізілді; лазер сәулесі мен үйектелген (поляризацияланған) қызыл жарықты пайдаланудың нәтижесінде құстардың жұмыртқалағыштығы мен балапандардың өміршеңдігі артатындығы анықталды. Ин-тта жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін тауықтың “Алатау”, үйректің “Медеу”, “Арман” кросстары шығарылып, Орт. Азия республикаларының көптеген шаруашылықтарына таратылды. Ин-тта Қазақстан ҰҒА-ның корр. мүшесі Н.П. Егоров, а. ш. ғылымдарының кандидаттары А.К. Сәбденов, В.И. Абрикосова, Д.К. Ахметжанов, т.б. ғалымдар жұмыс істейді. Ин-т ғалымдарының 4 ғыл. жинағы жарыққа шықты. <ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>


Дереккөздер </span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ құс шаруашылығы зерттеу институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}