Қазақ қоғамындағы батырлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қазақ жауынгері.jpg
Қазақ жауынгерінің, батырының түр-әлпеті

Батыр

Жауынгерлік шеберлікті жетік меңгерген, ерлігімен аты шыққан ержүрек, батыл, қаһарман адам.

Батыр атағы

Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі – жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай – ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе – жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралық көзге түскендерді де, барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын.

Ел қорғаны болған ұлы батырлар

18 – 19 ғасырларда қазақ хандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және Кенесары батыр атанды. 18 ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. 19 ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай – ақ Орта Азия хандықтарының зорлық – зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт – азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды.<ref>Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Kz-hist-stub