Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хат», Мұхтар Әуезовтің шығармасы. Бағдарлама 1930 ж. Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімі бойынша Қызылорда қаласында басылып шыққан. Кейін Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағына енгізілген (1984, 15-кітап, 100-119-беттер). Онда шаруа жастар мектебіне қоғамтану, химия, мате¬матика, едебиет пендерінен нені оқыту, қалай оқыту женінде жеке-жеке түсініктер беріліп, әр жылға арналған бағдарлама жасалған. Соның ішінде «Суретті әдебиет туралы» бөлімді жазған - Әуезов Бағдарлама-кітапшаның өңір бетінде Майлыұлы, Марғұланұлы сынды адамдардыңаттары аталған. Жазу стиліне, сөз саптау машығына Карағанда, бағдарлама мәтінінің алғашкы жобасын жасаған да Мұхаң болуға керек. Әдебиет пәніне арналған белімнің кіріспесінде едебиет женіндегі ілім-білімнің қоғамтану ғылымының бір саласы екені айтылып, әдебиеттің әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі қызметіне токталған. Көркем туындыларды жазу, әдебиетті зерттеу барысында кеңес жазушылары мен әдебиеттанушылардың негізгі ұстанар әдістемелік тәсілі - маркстік әдіс болу керектігі ашық айтылған. Ақын-жазушының шығармаларын қоғам емірімен тығыз байланыста қарастыру - зерттеүшінің негізгі нысанасы болмақ. Бағдарламада қазақ шаруа жастарының 3 жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені біліп, нені үйрену қажет екені, қазақ әдебиеті оларға каңдай дүниеліктерді таныту керектігі баяндалған. Сондай-ақ бағдарламада оқуға жаттығу, тіл үйрету, сейлеуге жаттығу, жазуға жаттығу тақырыптары да назардан тыс қалмаған. Сонымен бұл бағдарламаның кезінде қазақ шаруа жастарының сауатты атанып, тел әдебиеттін кәусар бұлағынан сусындау ісіңде біршама маңызды рөл атқарғанын ескерген жөн.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}