Қазақ халық ағарту институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫ – арнаулы орта оқу орны. 1919 жылы Орынборда ашылған. Алғашында Қырғыз Халық ағарту институты деп аталды. Институт қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлады. 1921 жылы 140 оқушы оқыды. Оқу жоспары бойынша институтта сабақ тек қазақ тілінде жүрді. Институт оқытушылары мен студенттері елде сауатсыздықты жою ісіне белсене араласты. 1925 жылы институт Қызылорда қаласына көшірілді. 1925 – 28 жылы Сәкен Сейфуллин осында сабақ берді, кейін ректоры болды. Тәжірибелі педагогтар, республикада ағарту жұмысын ұйымдастырушы қайраткерлер – С.Меңдешев, Т.Жүргенов, Қ.Жұбанов, М.Жолдыбаев, т.б. института дәріс берді. 30-жылдары республикада педагок және мұғалімдер институттарының көбеюіне байланысты 1933 жылы 15 қазанда жабылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ халық ағарту институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}