Қазақ романдарының поэтикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ романдарының поэтикасы», монография. Авторы - М. Атымов. 1975 ж. «Ғылым» баспасынан шыққан. Жауапты редакторы - М. Қаратаев. Қазақ романдарының поэтикасы, яғни шығарманың құрылыс бітімі, суреттеу, бейнелеу, образ жасау, стиль, сюжет, композиция, бір сезбен айтқанда, жазушының шеберлігі туралы баяндалған. Кітапта бірнеше жазушының романдары тагщанады. Бірінші тарауда Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы сез болады. Ғалым романның ой желісі мен ою-өрнегі, образ жасау жүйесі, жазушы қолданған әдіс-тәсілдер жеткілікті деңгейде шешілмегенін, зерттелмегенін алға тартып, Әуезовтің тер теккен шеберлік мәселесі көп жетістіктің көлеңкесінде қалып қойғанын нысанаға алады. Барлық мәселе Абай айналасында, Абай теңірегінде, ербіп, дамып жатады, сейтіп олар өзінің керкемдік шешімін табады. Сондықтан Абай тұлғасы үнемі оқырманның кез алдында тұрады. Сезімізді зерттеүшінің пікірімен тұжырымдасақ, қазақ прозасының, тіпті қазақ әдебиетінің абырой-ажары, шығар биігі болған «Абай жолы» эпопеясы қазақ халкының елу жылдық емірін көркемдікпен бейнелеп берген, идея мен образ бірлігінің үлгісін керсеткен мандай алды, кесек туынды болып табылады. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, аспиранттар мен ғылыми қызметкерлерге, жалпы әдебиет сүйгіш жұртшылыққа арналған. Көлемі 17,3 баспа табақ, таралымы 2800 дана.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ романдарының поэтикасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}