Қазақ жаңа емлесі туралы декрет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ жаңа емлесі туралы декрет», Мұхтар Әуезовтің мақаласы, Кезінде өзекті мәселенің бірі болып тұрған жаңа емлеге көшу туралы шараларға үн қосқан бұл мақала «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылғы 8-санында жарияланды. Бұдан соң «1929 жылы 2-4 июньде Қызылорда Білім кеңесі мен жаңа әліп Кіндік Комитеті шақырған емле конференциясының стенографиялық есебі» деген кітапта жарық көрді (1930). Сондағы құжатқа (№9-хаттама) 1929 ж. 25 шілдеде Әуезовтің өзі амалсыздан қол қойған. Осы декреттің мақсаты ғасырлар бойы қолданылып келген араб жазуын латын әрпіне ауыстыру және соған лайыкталған қазақ емлесін бекіту еді. Бұның өзі Ресейдегі империялық саясаттың көптен жоспарлап келген мақсатының жүзеге асуының алғашқы сатысы болатын. Әліппені өзгертудің себебін араб әліппесі қалың бұқараның хат тануына ауыр болды, техникаға уйлеспеді, араб әліппесі көпшіліктің қолы жетпейтін азшылықтың ғана әліппесі болды, сол үшін жаңа емлеге кешіп, жүйелі емле негізін құру керек, қазақтың төл сезі үшін де, шеттен кірген сөздер үшін де бірыңғай емле жасау керек дегеңдермен тусіндірді. Мақалада жазушы езі мұшесі болған Орталық Атқару Комитетінің 5 тармақтан тұратын қаулысын келтіреді. Көп жылғы айтыс осымен туйінделді. Әуезов те қызыл саясаттан тыс қала алмай, өз көзқарасын білдірді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ жаңа емлесі туралы декрет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}