Қазақ Циркі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ Циркі, Қазақ Мемлекеттік циркі – кәсіби ұлттық өнер ұжымы. Қазақ циркі ҚазКСР-інің халық арт. Г.Ғалиеваның жетекшілігімен 1970 жылы ұйымдастырылды. 1972 жылы Қазақ циркінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді, бұл Қазақ циркі өнерінің өркендеуіне игі ықпал етті. Қазақ циркі 1972 – 78 жылы ұлттық бояуы қанық үш бағдарлама дайындады. Оның негізгі бағдарламаларына: “Жылқышылар”, “Қыз қуу”, “Ат ойыны”, “Жер жәннаты”, “Байқоңыр”, “Атамекен”, “Космос симфониясы”, т.б. жатады. Қазақ циркі репертуарынан, сонымен қатар, “Түйелер мен аюлар” аттракционы, “Шығыс ойыны” (режылы А.Ысмағұлов), “Акробатикалық аңыз” (режылы Н.К. Винник) нөмірлері, “Тың”, “Медеу”, т.б. новеллалар орын алды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ циркі “Сиқырлы киіз үй”, “Азия жұлдыздары”, “Аяз Атаның компьютерлік ойындары”, “Цирк қойыртпағы”, “Жаңа жылдық думан” және “Үш жуан” атты бағдарламаларын қойды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Цирк ұжымы 1978 – 82 жылы Бүкілодақтық цирк өнерінің байқауында жеңімпаз атанды, оның қуақылары Мұрат және Елизавета Жұмағалиевтер 1983 жылы Прага қаласында өткен халықар. байқаудың Эдуарде Бассе атынд. бас жүлдесін жеңіп алды. Кеңес Одағының көптеген қ-ларында, шет елдерде (Кубада, 1977, Чехияда, 1983, Болгарияда және Югославияда, 1986) болды. 90 жылдарда гастрольдік сапармен әлденеше рет Қытай, Польша, Франция, Бельгия, Жапония, Германия, АҚШ, Австралия елдерінде болып қайтты. Досбатыровтар Верона (Италия), Бельгия, Монте-Карло мен Қытайдағы халықар. цирк өнері фестивальдерінің жеңімпазы атанса, Т.Трестин мен жылыБәкенова Польшадағы еур. байқауда алтын жүлдеге ие болды. А.Кириченко жетекшілігіндегі “Әуеде ұшу” (1993) нөмерінің артистері, К.Күнғожинов тобы, В.Гашута орындауындағы “Рен дөңгелектері” нөмірі, Р.Симоненко тобы Қытайда өткен байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Қ.Шалабаев бастаған қазақ шабандоз жігіттері АҚШ цирктерінде, Серік Әбішев бастаған танымал топ Австралия циркінде табысты өнер көрсетті. 2000 жылы цирк аумағында “Арлекино” балалар ойын-сауық кешені ашылды. 2001 жылы осында атқа салт мініп жүру (жетек. К.Күнғожинов) мектебі құрылды. Қазақ циркінің жанында А.Р. Измаилова жетекшілік ететін “Ерке” ұлттық би ансамблі жұмыс істейді. Олар бірінші халықар. “Айналайын” жас дарындар фестивалінің жеңімпазы (1996 жылы), Халықар. “Nets Carnaval club” фестивалінің дипломанты (Франция, 1999), Халықар. “Азия дауысы” байқауының жүлдегері атағына ие болды. 1999 жылы цирк өнерінің тәжірибе мектебі ұйымдастырылды (жетек. М.В. Хуватов). Осы жылы көптеген байқаулардың жеңімпазы болған Фарандоль” цирк балеті (жетек. М.Редько), үш ұжымды: “Бэби-Дэнс” тобын (“Азия дауысы” байқауының үздігі), “Дэнс-класс” және “Просто Так” шоу-балеттерін біріктірген би мектебі (жетек. Е.Рудикова), “Әнші балапан” және “Азия дауысы” байқауларында жеңіске жеткен “Мюзик-холл “Улыбка” балалар эстрада театры ашылды (жетек. Қ.А. Бөлебеков, 2002 жылдан). 2003 жылдан “Шапито” атты жазғы шатырлы цирк жұмыс жасауда. Қазақ циркі ғимаратының (арх. В.З. Кацев, И.В. Слонов) архит. шешімінен қазіргі үлгі мен ұлттық сәулет өнерінің үндестігі аңғарылады. Шеңберленіп келген ғимарат төбесі күмбезделіп жабылған. Цирк амфитеатрын (2160 орынды) көмкерген 2 қабатты фойеде киім ілгіш пен дәмханалар, ал әкімш.-тұрмыс ғимаратында артистер бөлмелері, жаттығу манежі, асхана, хайуанаттар қорасы, т.б. орналасқан. Хайуанаттарды серуендетуге арналған ішкі ауласы бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Тағы қараңыз

Қазақ цирк өнері

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}