Қазақ Тілінің Орфоэпиялық Сөздіктері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОЭПИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРІ – қазақ тіліндегі сөздердің ұлт тілінің нормаларына сай айтылуын, әдеби тілдің ауызша ережелерін белгілейтін лұғаттық құралдар. Алғаш рет 1977 жылы жарық көрген (құрастырған Қ.Неталиева). Сөздікте емле ережесі бойынша жазылған 15 мыңға жуық сөз бен сөз тіркестерінің орфоэпиялық нормаға сәйкес айтылу үлгілері берілген, қазақ орфоэпиясының тілдік негізі болып табылатын үндестік заңы, дауыссыздардың үндесімі тәрізді сөздердің дұрыс айтылу заңдылықтары көрсетілген. М.Дүйсебаеваның авторлығымен жарық көрген мектеп оқушыларына арналған “Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігінде” (1981) негізгі орфоэпиялық норманы белгілейтін тілдік заңдылықтармен қатар сөз ішіндегі түбір мен қосымша және қосымша мен қосымша жігіндегі, сөз тіркесі құрамындағы сөз бен сөз жігіндегі дыбыстардың өзара әсерінен болған айтылу үлгілері де көрсетілген. С.Мырзабековтің авторлығымен жасалған “Қазақ тілінің айтылым сөздігінде” (2001) қазақ орфоэпиясының негізгі қағидасы – үндестік заңын бір ізді сақтай отырып, оның еріндік түріне баса мән берілген. Ә.Жүнісбектің редакторлығымен дайындалған (құрастырушылары Ж.Исаева, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова) “Қазақ тілінің үлкен орфоэпиялық сөздігінде” (2000 жылы) 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркестерінің орфоэпиялық нормаға сәйкес айтылу үлгілері көрсетілген, сондай-ақ, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы буын үндестігі мен қазақ сөзі просодиясының (буындардың созылмалылығымен екпін қойылуы) ерекшеліктеріне негізделіп алынған. Аталған сөздікте жаңа сөз қолданыстар мен сөз тіркестерінің айтылу үлгілері мол қамтылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ Тілінің Орфоэпиялық Сөздіктері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}