Қазақ КСР әнұраны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әнұран Үлгі:Қазақстан әнұрандары Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>.

Тарихы

1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.<ref>А. Белякина. Человек-легенда. — Алматы :2009. ISBN 978-601-06-0422</ref>

Мәтіні

<poem> Біз қазақ ежелден еркіндік ансаған, Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан. Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда, Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.

Қайырмасы:
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына, Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына, Одақтас, ұрғандас елдердің қамқоры, Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.

Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел, Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер. Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске, Данышпан партия - сүйікті кемеңгер. </poem>

Тағы қараңыз


Дереккөздер

<references/>