Қазақы экологиялық қағидалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАЗАҚЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР– табиғатты аялау жөніндегі ұлттық салт-дәстүрлер қағидасы. Қазақ халқы табиғат аясында тіршілік етіп, мезгіл ауанымен көшіп-қонғандықтан табиғатты қастерлеп, қадір тұтқан. Адамзат баласы да өзге жан-жануар, өсімдік секілді тіршілік етеді деп ұққан. Табиғатқа зиян келтірмеген, оны қорғау шараларына үлкен маңыз берген. Бұған: «Көкті жұлма, көктей соларсың», «Бұлақ көрсең, көзін аш» делінетін ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ереже іспетті қанатты сөздер куә. Қазақ ешқашан жасыл желекті, көкті таптамаған, құмырсқа илеуін бүлдірмеген, құс ұясын бұзбаған, жас балапандар мен хайуан төлдеріне тиіспеген, өсіп тұрған талды, ағашты жұлмаған. Эколoгия ортаға өсімдік пен жан-жануарлардың тигізетін пайдасын жете түсініп, ұрпақтарын жастайынан табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға баулып, өнегелі тәлім-тәрбие берген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақы экологиялық қағидалар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}