Қазақтың 500 ән-күйі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақтың 500 ән-күйіАлександр Викторович Затаевич қазақ даласындағы орындаушылардан нотаға жинап, жазып алған және баспаға дайындаған музыкалық-этнографиялық еңбек.

Бұл жинаққа Қазақстанның әр өңірінен (Адай, Бөкей, Семей және Орал аймақтарынан) жазылып алынған күйлер мен әндер, терме, толғау үлгілері енген. Күйлер – Бөкей, Адай, Орал, Түрікмен топтарына, әндер – Жымпиты, Гурьев, Бөкей топтарына бөліп орналастырылған. Этнограф басылымның алғысөзі мен 403 ескертпесін жазған. Бұл ескертпелердің Ахмет Жұбанов айтып көрсеткен ескірген тұстары да бар. Жинаққа барлығы 400-ден аса ән, 100-ге жуық күй енген. <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Тарихы

Орынбор кезеңі және алғашқы ұсыныс

Затаевичтің қазақ ән-күйін жинауға кірісуі 1920 жылдан басталған. Дәл осы уақытта Қазақстандағы мәдениет пен білім беру саласына жетекшілік еткен мекеме — Қазақ АКСР Оқу-ағарту халық комиссариаты болатын. 1920 жылдың қазанынан 1921 жылдың қазанына дейін бұл мекемені Ахмет Байтұрсынұлы басқарды.

Затаевич жинаған әндер ішінде «Қаракөз» әнінің нотасында «әнді жеткізген Ахмет Байтұрсынов» деген белгі бар.

Қазақстанды зерттеу қоғамы және ресми қолдау

1922 жылғы 7 мамырда өткен Қазақстанды зерттеу қоғамы жиналысында Затаевич «Қазақтың халық әні» атты баяндамасын жасап, екі жыл ішінде 600-ге жуық әуенді жинағанын мәлімдеді. Бұл кезеңде оның жұмысы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Жинақтарды баспаға әзірлеу үшін мемлекеттік қолдау қажет еді. 1923 жылдың қаңтарында Затаевич пен Қазақ АКСР Оқу-ағарту халық комиссариаты арасында «Қазақтың 1000 әні» жинағын басып шығару жөнінде келісімшарт жасалды.

1923 жылғы 22 тамызда Қазақстан Халық комиссарлары кеңесі отырысында А.В.Затаевичке қазақ халқының әндерін бастырып шығаруға қаражат бөлу мәселесі қаралған. Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Сәкен Сейфуллин отырысты қорыта келе: «А.В. Затаевичке 2 280 рубль алтындай бөлінсін және оның шығармасын редакциялауға 200 рубль, барлығы 2 480 рубль Наркомпрос қаражатынан берілсін» деген қаулыға қол қойған. Астына өгіз, жанына аудармашы берген.

Бұл кезде комиссар қызметінде Нұғыман Зәлиев, ал Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы (премьер-министр қызметіне тең) Сәкен Сейфуллин болды. Осыған байланысты жинақтың баспаға дайындалуы мен қаржыландыруына Сейфуллиннің тікелей ықпал еткені күмәнсіз.

Затаевич жинаған ән-күйлерді жеткізушілердің арасында қазақтың дәстүрлі әншілері мен күйшілерімен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ілияс Жансүгіров сынды Алаш қайраткерлері де болды. Олар өздері білген ән-күйлерді айтып беріп қана қоймай, ел ішінен орындаушыларды табуға көмектесті.

Затаевичке шығармаларды жеткізген корреспонденттер қатарында Ғ.Айтбаев, М.Әбсалықов, Қ.Байжанов, Н.Бөкейхан, М.Бөкейхан, Ә.Ғайсин, І.Жансүгіров, Ж.Лекеров, Ә.Қашаубаев, М.Майшекин, Ә.Марғұлан, Б.Нұрмақова, Қ.Сәтбаев, М.Шамсуддинова, Ж.Шанин секілді мәдениет, әдебиет және ғылым қайраткерлері бар.

Қазақ әндері мен күйлерінің алғашқы нотаға түсуі

Халық күйлері

  • “Ел айрылған”, “Асан Қайғы”, “Қалмақтың қара жорғасы”, “Кенесарының көк балағы”, “Шора”, “Жошы”, “Көрұғлы”;
  • Қазақ-түрікмен байланысын бейнелейтін “Үлкен айқай”, “Көкек” (Едік бақсы) күйлері<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>.

Көрнекті күйшілердің шығармалары

  • Құрманғазы“Ойбай, балам”, “Ақсақ киік”, “Серпер”, “Кісен ашқан”;
  • Дәулеткерей“Салық өлген”, “Қоңыр”, “Қоңыр екі ішек”, “Керілме”, “Ващенко”;
  • Түркеш“Байжұма”;
  • Тәттімбет“Былқылдақ”;
  • Жантөре“Шалқыма”.

Әнші-композиторлардың әндері

  • Ақан сері“Құлагер”, “Сәулем-ай”, “Мақпал”;
  • Біржан сал“Жанбота”, “Жамбас сипар”;
  • Естай“Хұсни Қорлан”, “Назымкүл”;
  • Жаяу Мұса“Қатын өлгенде”;
  • Майра – бірқатар әндері<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>.

Ғылыми және мәдени бағасы

Затаевичтің мұрасына замандастары мен кейінгі ғалымдар жоғары баға берді:

  • Максим Горький (1929): «Қазақ халқының 1000 әнінде болашақтың Моцарттары мен Бетховендері үшін ғажайып бай материал жатыр».
  • Ромен Роллан: «Бұл — музыкадағы ерлік. Ачаршылық пен індет кезінде мұндай орасан жұмысты атқару адам жанының қуатын көрсетеді».
  • Ахмет Жұбанов: «Затаевичтің “1000 әні” қазақ музыкасына жаңа жылбасы болды. Дүниежүзі қазақтың ән-күйімен танысты».

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті