Қазақтың мемлекеттік медицина университетінің қазақ тілі кафедрасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың мемлекеттік медицина университетінің қазақ тілі кафедрасы, Қазақстан Республикасының 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Тіл туралы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығымен қазақ тілі кафедрасы ашылды. Кафедра Тіл туралы Заңның 19-бабына сәйкес институтта қазақ тілін оқу бағдарламасының міндетті пәні ретінде оқытуды жүзеге асырды. Орыс мектебін бітірген қазақ жастарына қазақ тілі тереңдетілген бағдарлама бойынша, ал басқа ұлт өкілдері бастауыш бағдарламамен оқытылады. Студенттердің мектептегі тіл игеру деңгейі жыл сайын I курста сұрақ-жауап (анкетирование) әдісімен зерттелініп алынады да, әрбір студенттің білім деңгейі оқыту барысында ескеріледі. Жаңа оқу-жоспары бойынша екі жылдық оқу курсы (180 сағат) белгіленген. Ол 1996/97 оқу жылынан бастап, жаңа оқу жоспарына көшірілді. Сабақта проблемалық әдістер, сабақты оптимизациялау, ғылыми танымдылық, тіл заңдылықтарын үйрету лексикалық қорды байыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, аудармаға машықтану әдістері кеңінен қолданылады. Студенттердің бағдарламалық материалдарды игеруі үнемі бақыланылуда. Кезеңдік, семестрлік және курстық бақылаулар тест пен рейтинг әдісі арқылы жүргізіледі. Бақылаудың нәтижелері мен қорытындылары кафедра мәжілісінде талқыланып, оқудың және тіл үйренудің тиімді әдістері мен жолдары белгіленеді. I курста сынақша, II курста емтихан тапсырады. Белгілі тақырыптарға байланысты ашық сабақтар және жаңаша дәстүрлі емес сабақтар өткізіледі. Кафедра құрылғаннан бері 61 ашық сабақ өткізіліп, әдістемелік тақырыпқа 41 баяндама жасалды. Сабақтың көрнекілігін арттыру мақсатында 90 таблица, бірнеше схемалар жасалынды. Студенттер үшін барлық 90 сабаққа нұсқама дайындалды. Орыс мектебін бітірген қазақ студенттеріне арналған "Қазақ тілі сабақтары" (1994 жылы, 1997 жылы) атты екі оқулық жарық көрді. Авторы Н.Берікұлы. Кафедраның басты жұмысы - студенттердің "Мамандығына сәйкес қазақ тілін оқыту методикасын" жасау. Осының теңірегіндегі 50 ғылыми баяндама жасалып, 23 ғылыми әр түрлі басылымдар басылып шықты. Ғылыми жұмысқа студенттерді тарту, оларды ғылымға баулуда біршама жұмыстар істелінді. Қазақ тілін тереңдете оқыту, рефераттар жазу, ғылыми баяндамалар жасау, әдеби шығармаларды талқылау жүргізіледі. Әр түрлі тақырыптарға 92 реферат, 16 ғылыми баяндамалар жасалды. Тәрбиелік мәні бар тақырыптарға байланысты шараларға студенттер кеңінен қатыстырылады. Мемлекеттік тілге арналған олимпияда, тіл апталығы, тіл меңгеру сайыстары өткізіледі. Студенттердің әдеби-тарихи дүниетанымын кеңейту мақсатында "Елтану", "Тарихи тұлғалар", "Халық медицинасы", "Заң", "Мемлекеттік құрылым", "Хандар мен шешен-билер шешімдері" деген тақырыптарға сабақтар жүргізілді.

Оқытушы-профессорларға арналған қазақ тілі үйірмесі 1992 жылдың қыркүйек айынан бастап қоғамдық негізде, ал 1995 жылдан курс болып қайта құрылды, онда 28 тыңдаушы білімін жетілдіріп толық курстан өтті. Кафедраның басты істерінің бірі - институтта, оның кафедраларында мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге барынша көңіл қойып, оның дамуына ықпап ету. Осыған байланысты шыққан еңбектің бірі "Русско-латинский-казахский толковый словарь терапевтических терминов" (Ақтөбе, 1994).

Кафедрада 1996/97 оқу жылында 8 оқытушы, 2 лаборант қызмет атқарады. Оқытушылар құрамында I ғылым кандидаты (доцент). Кафедраның негізгі ұйымдастырушысы, іргетасын қалаған және қазір де басқарушы - педагогика ғылымының кандидаты, доцент Берікұлы Ниетжан.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}