Қазақтың бірінші ерекше дивизионы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың бірінші ерекше дивизионы1919 жылы 21 наурызда Оралда құрылған әскери бөлімше.


Орал қаласы мен төңірегіндегі қазақ ауылдарындағы жастардан жасақталған. Қазақ жастарынан құралған алғашқы ұлттық әскери бөлімдердің бірі. 1919 жылы 27 наурызда әскери ант қабылдап, Орал қаласын қоршауға алған ақгвардияшылар мен Алашорданың Батыс бөлімшесі жасақтарына қарсы ұрыстарға белсене араласты. Әскери бөлімді құруда Ә.Әйтиев, Б.Қаратаев, С.Арғыншиев, Ғ.Әлібеков, т.б. үлкен рөл атқарды. Кейіннен Қазақтың бірінші ерекше дивизионы құрамын ұлғайтып, атты әскер бригадасына айналды. 1919 жылы күзде В.И. Чапаев басқарған дивизия құрамына енген.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>


Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}