Қазақтың боғауыз сөздері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың боғауыз (боқауыз, балағат) сөздері деп қазақ тіліндегі әдепсіз, обсценді (Үлгі:Lang-lat — әдепсіз, ұятсыз) лексикаға жататын сөз тобын атайды.

Зерттеу

Қазақ тіліндегі әдепсіз сөздерді жинақтаумен сонау XIX ғасырда башқұрттың танымал зерттеушісі Әбубәкір Диваев айналысқаны туралы Ақселеу Сейдімбек өзінің «Бейпіл сөздер» кітабында жазған<ref name="сейдімбек1">Ақселеу Сейдімбек, 2000, 9-10 б.</ref>. Бұны Халел Досмұхамедовтың мына сөздері де растайды: Үлгі:Start citation Қазақ халық әдебиетінің түрлерін санамалай келіп, боғауыз өлеңдерді айтпай кетуге болмайды. Қазақтың боқауыз мақалдарының кейбірін Ә. Диваев жинап, тұңғыш рет 1900 жылы Ташкент қаласында қолжазба күйінде жариялап таратты. Үлгі:End citation Әбубәкір Диваевтың, қазақтың әдепсіз сөздерімен айналысқан Бейсембай Кенжебаевтың қолжазбаларының сақталған-сақталмағандығы белгісіз. Қазақтың эротикалық фольклоры жеке жинақ ретінде басып шығарылмағанмен, оған өз еңбектерінде Әлкей Марғұлан, Мырзабек Дүйсенов секілді ғалымдар, Ғабит Мүсірепов, Сапарғали Бегалин, Қуандық Шаңғытпаев, Шерхан Мұртаза, Асқар Оразақын секілді жазушылар назар аударған<ref name="сейдімбек1"/>.

Қазіргі замандағы қолданысы

Қазақстандық жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгердің айтуынша қазіргі қазақтар негізінен орысша боғауызды қолданады екен. Оның пайымдауынша, қазақтар өз ана тілінде тек қазақша боқтаса бастағаннан кейін ғана сөйлей бастайды екен, ал қазақтың боғауыздары орыстыкіне қарағанда әсерлі және бай болып келеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. «Қазір кез келген қазақ жастары бір-бірімен сөйлескенде өздерінің сөз аралық байланысын орыстың боқтық сөзін қосу арқылы жеткізеді. Орыстың өте жағымсыз, бейпіл сөздерін жиі қолданады», — депті жазушы Ақселеу Сейдімбек<ref>Үлгі:Cite book</ref>.

Боғауыз қолданған үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің № 434-ші «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес, бірқатар құқықбұзушылық, оның ішінде «қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу» 10 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК = 1982 теңге) мөлшеріндегі айыппұлмен немесе 10 тәлікке дейін әкімшілік қамауға алумен жазаланады. Осы бап бойынша құқық бұзушылық жасаған тұлға жазаланғаннан кейін бір жыл ішінде іс-әрекеттерін тағы да қайталаса, 15 тәулікке шейін әкімшілік қамауға алынады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің № 131 «Қорлау» бабына сәйкес «басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту» 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен, не сол мөлшердегі (яғни 100 сағат) түзеу жұмыстарына қатысумен немесе 120 сағат мөлшеріндегі қоғамдық жұмысқа тартылумен жазаланады. Осы бұзақылықты «көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып» жасаған адам 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, не сол мөлшердегі (яғни 200 сағат) түзеу жұмыстарына қатысумен немесе 180 сағат мөлшеріндегі қоғамдық жұмысқа тартылумен жазаланады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер