Қазақтың антропологиялық типі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАЗАҚТЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ТИПІ – қазіргі антропологиялық сұрыптауда (жіктеуде) тұрантектес расаның негізгі өкілі. Белгілі бір аумақтағы қазіргі және ертедегі адамдар жиынтығының биол. тарихы әдетте физикалық антропологияның жекелеген бөлімдері бойынша қарастырылады. Олар: тірі индивидуумдардың антропометриясы (басы мен денесін өлшеу); серология (қан топтары); oдонтология (тіс морфологиясы); дерматоглифика (қолдың алақандары менг саусақтарындағы тері бедері); краниология (бас сүйек морфологиясы); ертедегі халықтың палеоантропологиясы (қазып алынған сүйек қалдықтары), т.б. Бүгінгі таңдағы антропол. жүйелеуде мамандар тұрантектес өкілдерін алтайлық (өкілі хақастар), тяншаньдық (өкілі қырғыздар) және қазақстандық (өкілі қазақтар) деп бөледі. Олардың өзара айырмашылықтары осы раса шеңберіндегі ерекшеліктер болып саналады. Қазіргі қазақтардың расалық соматологиясы бойынша алынған негізгі нәтижелер олардың шашы мен көзі қара, терісінің түсі біршама ақшыл, беті мен денесіндегі үшінші түк басуы шамалы, мұрнының және бет сүйегінің шығыңқылығы орташа, бет әлпетінің биік (еркектер үшін 128,5 мм және әйелдер үшін 121,3 мм) және жалпақ (тиісінше 148,3 және 139,3 мм), айқын аңғарылатын брахикефалды, яғни басының жалпақ (индекс 85,0), бойының орташа (еркектер үшін 166,2 см және әйелдер үшін 153,6 см), сондай-ақ, салмағының тиісінше 67,1 және 53,4 кг болуымен сипатталатыны дәлелдейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақтың антропологиялық типі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}