Қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы. 1773-75 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қазақтарды да қамтыды. Ол жәнінде А.П. Чулошников (1929), М.П. Вяткин (1941-51), Г.И. Семенюк, Е.Бекмаханов, Н. Бекмаханова, А. Нүсіпбеков сияқты тарихшы-ғалымдардың зерттеу еңбектері жарияланған. Әсіресе 40-60 жылдары осы мәселелерді жаппай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы кездейсоқтық емес. 1773 ж. 20 қыркүйекте Пугачев қазақ жұртына көтерілісшілерге 200 адам беру жөнінде үңдеу тастайды. Сол жылдың қазан айында Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы бастаған тама, табын руларының жігіттерінен жасақталған отрядты Пугачевтің қарамағына жібереді. Көп кешікпей бұларға Досалының екінші баласы, кейін сұлтанның өзі келіп қосылады. 1900 ж. Орал қ. архивінде жұмыс істеген орыс жазушысы В.Г.Короленко:

«Досалы сұлтанның үшінші ұлы — Пугачев көтерілісіне тікелей қатысып, Жайық қамалын алуға атсалысқандардың бірі»

деп жазады. Сонымен қатар Кулагин қамалын (қаз. Атырау облыстық) алуда да қазақтардың зор үлес қосқанын атап көрсетеді. Орынбор шекарасындағы қамалдар мен форпостарға қазақ жауынгерлерінің дүркін-дүркін шабуылы үдей түсті. Академик В.П. Вяткиннің:

«Қазақ халқы хан мен сұлтандардың рұқсатынсыз пугачевпгілермен байланыс жасай отырып, шекара желісіне жиі-жиі шабуылдар жасады»

дейді. Башқұрт полковнигі, 1774 ж. Пугачев көтерілісіне қатысқан Б.Қанқаевтің мәлімдемесі бойынша, көтерілісшілер құрамында 10 мың қазақ болған. Пугачевті дарға асқаннан кейін де Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне қарсы қозғалысы тоқтаған жоқ. Үздік-создық созыла келіп, 1775 жылдың аяғында С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Кіші жүз қазақтары Пугачев көтерілісіне қатысу арқылы өзінің үлттық бостандығы үшін күресті.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}